Алматыда "Наурыз шеруі" өтті

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыда "Наурыз шеруі" қалай өтті?

21 наурызда Алматыда екі мыңнан астам адам қатысқан "Наурыз шеруi" шарасы өтті. Қазақ мемлекеттік циркінен сап түзеп шыққан топ қаланың орталық көшелері арқылы өтіп, Абай атындағы опера және балет театрының алдына дейін барды. Іс-шараға студенттер мен әртүрлі мәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Қала әкімдігінің хабаралуынша, Алматыда Наурыз мерекесіне арналған шаралар бірнеше күнге созылады.

Бүгін, 21 наурызда Қазақстан халқы Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өтуді бастады. Ел тұрғындары 21 наурыздан 26 наурызға дейін демалады.

21 наурыз түскі 12.00-де Астанада Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтап, бата берген. Астананың орталығында өтіп жатқан мерекелік шараға Назарбаевпен бірге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та келген.

Осы күні Астана қаласы әкімдігінің алдында ондаған адамды полиция ұстады.