Маңғыстау облысы "Қаламқас" кенішінен шыққан өртті сөндірумен мамандар айналысып жатыр деп хабарлайды 25 наурыз күні төтенше жағдай жөніндегі комитеттің өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
"25 наурыз сағат 7.10-да Маңғыстау облыстық төтенше жағдай жөнінде департаменттің кезекші-диспетчерлік қызметіне "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ тиесілі "Қаламқас" мұнай кенішіндегі ұңғымалардың бірінде 900 шаршы метрлік алаңда он метр биіктікте газ ашық жанып жатыр деген ақпарат түсті. Зардап шеккендер жайлы дерек жоқ" деді Нұрахметов дүйсенбі күні.
Оның айтуынша, өртті сөндіруге 14 жұмысшы, 4 техника жұмылдырылған. Жергілікті Lada.kz сайты "Қаламқас" кенішіндегі өрт" делінген бірнеше видео жариялаған.
Кеше, 24 наурызда Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қаламқас" кенішінде наурыз айының ортасында болған апат себептері зерттеліп жатқанын хабарлаған.
"Қаламқас" кенішін барлаумен - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, бұрғылаумен "Si Bu" инженерлік бұрғылау компаниясы" айналысады.