Украина президенті Петр Порошенко мен президенттікке кандидат Владимир Зеленский сайлаудың екінші тур алдында Батыс Еуропа саясаткерлерімен кездеседі.
12 сәуірде Порошенко мен Зеленский Франция президенті Эммануэль Макронмен жеке-жеке кездеседі жоспарланған. Сол күні Порошенко Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен кездеседі.
Германия, Франция, Украина және Ресей - 2015 жылы Минскіде жасалған "Норманд төрттігі" аталатын келісімге мүше. Келісім Украина шығысында Ресей қолдайтын сепартистермен туған қақтығысты шешуді көздейді.
Бірақ Путин келісімге мүше үш елдің "талпыныстарынан әзірге нәтиже жоғын" айтқан. Кремльдің өзі екі жылдан бері ешбір келіссөз жүргізбеген.
Украинадағы президент сайлауының бірінші кезеңінің қорытындысына сәйкес, сайлаушылардың 30,24 пайызы дауысын - актер Владимир Зеленскийге, 15,95 пайызы президент Петр Порошенкоға берген.
Президент сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірге белгіленген.