Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуірде Лос-Анжелесте (АҚШ) өткен бокс кешінде мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, орта салмақта WBO Global (Дүниежүзілік бокс қауымдастығы) және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері атанды.
Сайттың жазуынша, екі боксшы арасындағы жекпе-жек он раундқа созылған. Әлімханұлы мен Олливас соңына дейін бокстасқан. Төрешілер ұпай санын есептеп, жеңісті Әлімханұлына берген.
Әлімханұлы әуесқой бокста жүргенде 2013 жылы әлем чемпионы атанды. 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарына қатысты. 2016 жылы Алматыда кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ал 2018 жылдың маусымда АҚШ-тағы Top Ring проумоутерлік компаниясымен келісім-шарт жасасқан.