Ташкентте Өзбекстан президентінің резиденциясы - "Көксарaйда" Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі хабарлады.
"Кеңейтілген және жабық форматтағы келіссөздер кезінде екі елдің президенттері саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ аймақтық және халықаралық тақырыптарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ" деп жазады басылым.
Келіссөздер соңында екіжақты құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалады деп жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Екінші президенттердің Ташкенттегі алғашқы кездесуі
14 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Ташкент әуежайынан Тоқаевты Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Ташкент мэрі Жохангир Артыққожаев қарсы алды.
Видео: Тоқаевтың Ташкентке келуі (өзбекше видео)
Екі елдің президенттері Қазақстанның Өзбекстандағы жылының ашылу салтанатына қатысады деген ақпарат тарады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы шетел сапарын Ресейден бастаған. Бірақ сол сапар "мемлекеттік" деген мәртебеге ие болған жоқ. Ресми билік бұл сапарды Тоқаевтың "алғашқы мемлекеттік сапары" ретінде атады.