Египет парламенті 16 сәуірде ел Конституциясына өзгертулер енгізуді мақұлдады. Жаңа өзгеріс қазіргі президент Абдель Фаттах ас-Сисидің үшінші рет сайлауға түсуіне мүмкіндік береді.
Ел парламентіндегі көп орынды ас-Сисидің жақтастары иеленген.
Абдель Фаттах ас-Сиси 2018 жылы екінші рет президент болып сайланған. Ол 2022 жылы биліктен кетуі керек еді. Жаңа Конституцияға сай, Египетте президенттің өкілеті төрт жылдан алты жылға ұзарды. Сарапшылар ас-Сиси 2022 жылы қайта сайлауға түсіп, 2030 жылға дейін ел басқаруы мүмкін деп топшылайды.
Абдель Фаттах ас-Сиси Мұхаммед Мурси биліктен кетірген 2014 жылғы әскери төңкерісті басқарған. Ол Мурси президенттіктен кеткен соң билікке өзі келген. 2018 жылғы сайлауға 97 пайыз дауыс алған.