18 сәуірде Санкт-Петербургте Қазақстан парламенті сенатының спикері Дариға Назарбаева мен Қырғызстан парламентінің төрағасы Дастанбек Жұмабековпен кездесті. Жүздесу ТМД парламентаралық ассамблеясының жиыны аясында өтті.
Қазақстан сенатының сайты Назарбаеваның Санкт-Петербургтегі ТМД парламентаралық ассамблеясының шараларына қатысып жүргенін хабарлаған.
Жогорку кеңеш баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жұмабеков "өзара серіктестік, өзара пайда мен қолдау қағидаларына негізделген барлық бағыт бойынша Қырғызстан Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға ерекше мүдделі екенін" айтқан.
Жұмабековтің сөзінше, Бішкек пен Нұр-Сұлтан арасында "саяси-экономикалық диалог бар". Ол "Қырғызстан сенаты - бауырлас елдер қатынасын тату көрші ретінде нығайтудың бірден-бір қолдаушысы" деген.
Бішкек таратқан хабарламада "Қазақстан парламенті сенатының басшысы Дариға Назарбаева екі ел арасындағы парламентаралық қатынасты дамыту қажеттігі жайлы айтты" деп жазылған.
55 жастағы Дариға Назарбаева 2016 жылы қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев жарлығымен сенат депутаты болып тағайындалып, кейін сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарды. Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілетін доғарған күні үлкен қызы Дариға Назарбаева мемлекетті басқару жүйесіндегі екінші тұлғаға айналған.