29 мамырда Венгрия астанасы Будапешттегі Дунай өзенінде 34 адам отырған туристік қайық аударылып, кем дегенде 7 адам қаза тапқан. 12 адам іс-түссіз жоғалып кетті. 15 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілген.
Апат Венгрия парламентінің ғимаратына жақын маңда болған. Туристік қайық пен Viking лайнері соқтығысып қалып, туристер отырған қайық суға кеткен.
Іс-түссіз жоғалғандарды іздеп жатқан құтқарушылар жұмысын ауа райы қиындатып жатыр. Қалың нөсерден Дунай ернеуінен тасып, ағысы күшейген. Су температурасы - шамамен 15 градус.
Венгрия полициясының өкілі Кристоф Гал аударылған қайық бортында болғандар Оңтүстік Корея азаматтары екенін айтты.