11 маусымда Петропавлдағы екі жасар бала бес қабатты үйдің бесінші қабатынан құлап, қайтыс болды.
Төтенше жағдай департаментінің дерегінше, екі жасар бала ашық тұрған терезеден құлаған. Бұл кезде шешесі мен екі әпкесі үйде болған.
- Пәтердің терезесі ашық болған, жиһаздар терезеге жақын тұрған. Балалар ойнап жатқан кезде нәресте терезеге шығып, құлап кеткен,- дейді Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев
Төтенше жағдай мамандары ата-аналардан терезелерді жауып, жиһаздарды терезе маңына жақын қоймауға кеңес береді.