Шымкентте бір топ ана қала әкімімен кездесуді талап етті

Бір топ ана қала әкімінің шығуын талап етіп жатыр. Шымкент. 12 шілде, 2019 жыл.

Жұма, 12 шілдеде Шымкент қаласының әкімдігі алдына ондаған әйел жиналып, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың сыртқа шығуын талап етті.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, наразылар таңертеңгі сағат онда әкімдік маңына жиналған. Жиналғандардың басым бөлігі - көп балалы, жалғызбасты аналар. Олар баспана мен жәрдемақы мәселесін көтеріп, «қала әкімі шықсын!» деп айқайлады. Айтуларынша, қала әкімі «тамыз айында беріледі» деген 100 мың теңге шамасындағы бір реттік жәрдемақыдан қағылып, кейбірі баспанасыз пәтер жалдап, қиналып жүр.

Наразыларға қалалық басқарманың бірнеше басшысы шығып, ғимарат ішіне кіріп сөйлесуді сұрады, бірақ олар ішке кіруден бас тартып, әкімді күтетіндерін мәлімдеді. Әкім шықпаса аштық жариялайтындарын да жеткізді.

Жиналғандарды прокуратура мен полиция өкілдері сырттан бақылап жүр.