Алматыда жарық сөнді

Your browser doesn’t support HTML5

Жарықсыз қалған Алматы көшесіндегі кептеліс

15 шілде түскі сағат екіден кейін Алматыда жарық сөнді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Әуезов, Медеу және Бостандық ауданының біраз бөлігінде, "Орбита", "Самал", "Айнабұлақ", "Таугүл" шағын аудандарында, Көк базар маңында, Әл-Фараби, Назарбаев, Абай көшесі жарықсыз қалды.

Алматы энергия кешенінің қоғаммен байланыс бойынша қызмет көрсетудің жалпы орталығының директоры Динара Алпысбаева Азаттыққа қаладағы электр станцияларының бірінде ақау шыққанын айтты. Ал қала әкімдігінің хабарлауынша, "АлЭС" компаниясына тиесілі станцияда ақау болған. Әкімдік қалаға сағат 17.00-ге дейін жарық берілетінін мәлімдеген. Бірақ қаладағы кейбір аудандар кешкі жетіге дейін жарықсыз отырды.

Жарық сөніп, бағдаршам іске шыққан соң полицей көшедегі қозғалысты реттеп тұр. Алматы, 15 шілде 2019 жыл.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, қазір қаланың біраз бөлігінде бағдаршамдар жұмыс істемей қалды. Осыдан кейін қаладағы қозғалысты реттеу үшін 400 полицей көшеге шыққан.

Қалада метро жұмысы да біраз уақыт тоқтап тұрды.