21 шілдеде содырлар Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы полиция бөлімшесіне оқ атты. Кейін оқтан жараланғандарды госпитальге жеткізген сәтте жанкешті әйел ауруханада бомба жарған. Қос шабуылдан кем дегенде сегіз адам мерт болды.
Аудандық полиция жетекшісі Салим Риаз Азаттықтың Пәкістан қызметіне мотоциклмен келген содырлар полицей учаскесінің тексеру пунктіне оқ атып, екі полицей қаза болғанын айтқан. Кейін госпитальге кіре берісте жанкешті әйел өз-өзін жарып жіберіп, тағы алты адам көз жұмған.
Дәрігерлердің сөзінше, қаза болғандар саны артуы мүмкін.
Шабуылды «Талибан» қозғалысының пәкістандық бөлімі - «Техрик-е Талибан Пәкістан» мойнына алды.
Өткен айда Пәкістан әскерилері елдің Ауғанстанмен шекарасында содырлардың белсенділігі артқанын мәлімдеген. Пәкістан үкіметінің дерегінше, соңғы бірнеше айда Пәкістан қарулы күштерінің 10 қызметкері қаза тауып, 35 әскери жараланған.