Мәскеуден Симферопольге ұшып шыққан "Уральские авиалинии" компаниясының Airbus A321 ұшағы Мәскеу түбіндегі жүгері алқабына апатты жағдайда қонды. Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ моторына құстар кіріп кеткен. Осыдан кейін моторлардың бірінде өрт шыққан.
Ұшақ бортында 234 адам болған. Олардың жетеуі – экипаж мүшесі. Алдын ала ақпарат бойынша, он адам (үшеуі – бала) зардап шегіп, дәрігерлер көмегіне жүгінген.
Жолаушылар үрленген траппен борттан түскен. Ұшақ Мәскеудегі Жуковский әуежайынан аннексияланған Қырымға ұшып шыққан.