Алматы облысында жоспарлы жаттығу кезінде әскери қайтыс болды. Бұл туралы 23 тамызда елдің қорғаныс министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәлімдеуінше, 22 тамызда Қапшағай қаласының оңтүстік-батысында Ми-17 тікұшағынан парашютпен секірмек болған полковник С. Алдоңғаров жерге құлап, жарақаттанған.
Әскери секірген сәтте парашют ажырап кеткен. Министрліктің мәлімдеуінше, ол қосалқы парашютті қолданбаған. 1200 метрден секірген әскери жарақаттан көз жұмған.
Министрлік бұл оқиға бойынша "қызметке салғырт қарау" бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.