Ресейдің Удмуртия аймағында мемлекеттің тіл саясатына қарсылығын білдіріп, өзін-өзі өртеген 79 жастағы ғалым Альберт Разин қайтыс болды. Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, денесін толық күйік шалған белсенді 10 қыркүйекте Ижевск қалалық ауруханасында көз жұмған.
Оқиға сол күні Ижевск аймақтық парламентінің сыртында болған. “Егер ертең ана тілім өлсе, онда бүгін өлуге даярмын”, "Менің Отаным бар ма?" деген жазуы бар плакат ұстаған белсенді парламент отырысы басталар алдында өз-өзіне от қойған. Айналада жүрген адамдар отты дер кезінде өшіріп, үлгере алмаған.
Философия ғылымының кандидаты, Удмуртия ғылымына еңбек сіңірген ғалым Альберт Разин жергілікті биліктен удмурт тілін сақтап қалу үшін қажетті шара қолдануды талап еткен белсенділердің бірі болған. Ресейде удмурт тілінде 300 мыңнан астам адам сөйлейді. Ғалымдар жоғалып кету қаупі төнген тілдер арасында удмурт тілі барын да айтады.