АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс мен мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Анкараға қысым көрсетіп, түрік әскерінің күрд жасақтарына шабуылын тоқтатуды талап ету үшін Анкараға барады. Бұл ақпаратты сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп жариялады. Дональд Трамп Сириядағы әскери операциясын тоқтатпаса, АҚШ-тың Түркияға мейлінше қатаң санкция салатынын ескертті.
АҚ үй мәлімдемесіне қарағанда, Майк Пенс Түркия президенті Реджеп Ердоғанмен кездеседі. Кездесу бейсенбіде Анкарада өтеді.
АҚШ бұған дейін Сирияның солтүстігінде әскери операцияға кіріскен Түркияның қорғаныс министрлігі мен энергетика министрлігіне және осы екі министрліктің басшыларына санкция салған болатын.