"Ресей қорғаныс министрлігі АҚШ-тың Сириядағы арнайы операциясы сәтті шыққанына күмәнданады". Бұл ақпаратты "Интерфакс" таратты. АҚШ президенті Дональд Трамп осы операция барысында "Ислам мемлекеті" террор ұйымының басшысы Әбу Бәкір әл-Бағдади өлді деп ресми түрде жариялаған еді.
"Операцияға қатыстық дейтін елдердің көбеюі және олардың қарама-қайшы ақпараттары мұндай операцияның шын мәнінде болғанына және сәтті өткеніне күдік туғызады",- дейді Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Конашенков.
Конашенков Ресей әскерінің АҚШ операциясына қаншалықты атсалысқаны жайлы қорғаныс министрлігі білмейтінін атап өтті. Жексенбі күні Трамп Ресей әскері өздері бақылайтын аумақ үстінен АҚШ тікұшақтарының ұшып өтуіне мүмкіндік берді деп мәлімдеген болатын.
Конашенков "Ислам мемлекеті" басшысының "кезекті өлімі" Сириядағы жағдайға күрт әсер етпейді деп мәлімдеді. Ресей қорғаныс министрлігі АҚШ-тан Әбу Бәкір әл-Бағдадидің өлгенін дәлелдеуді талап етті.