Қырғызстанның Қытаймен шекаралас ауданында сауда-логистика орталығы пайда болуы мүмкін.
Бұл туралы Шынхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ташкентте өткен кезекті отырысында Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедқали Абылгазиевтің сөзінде айтылды.
Қырғыз премьер-министрі әлемдегі қаржы дағдарыстарының әсерін азайту мақсатында Қырғызстан мен Қытайды өзара ұлттық валюталарымен есептесуге көшіру, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің транзит және сауда-экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында сауда-логистика орталығын салу жөнінде бастама көтерген. Мұхаммедқали Абылғазиев "бұл жоба ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің барлығына тиімді болады" деп санайды.
Қытаймен арадағы сауда-экономика қатынастарын күшейту мақсатында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2002 жылы көтерген бастамасымен Қазақстан - Қытай шекарасында "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық орталығы ашылған.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы Қытайдың Шанхай қаласында құрылған. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, кейінірек Үндістан мен Тәжікстан кірген. Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолияға бақылаушы мәртебесі берілген.