Дума ресейлік бағдарламалар орнатылмаған гаджеттерді сатуға тыйым салмақ

Ресей мемлекеттік думасы ресейлік бағдарламалар орнатылмаған компьютерлер мен смартфондарды сатуға тыйым салатын заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Заң жобасына сай, 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап компьютерлер, смарт-тв мен гаджеттерге ресейлік бағдарламалар орнатылуы тиіс. Бағдарламалар тізімін үкімет анықтайды.

Заң жобасының авторларының ойынша, бұл қадам ресейлік технологияларды дамытуға септеседі. Мемлекеттік дума «заң ресейлік тұтынушылардың құқығын қорғайды» деп санайды.

«Коммерсант» басылымының жазуынша, заң жобасы бизнесмендер мен сарапшылар арасында талқыланбаған.