16 қарашада Праганың Летен алаңына шамамен 300 мың адам жиналып, премьер-министр Андрей Бабиш пен әділет министрі Мария Бенешованың отставкаға кетуін талап етті.
Күндізгі сағат екіде басталған шара шамамен екі сағатқа созылды. Наразылар премьер-министрдің жемқорлыққа қатысы барын айтып, оппозициялық партияларды елдегі саяси жағдайға ықпалын күшейтуге шақырды. Олардың болжамынша, премьер-министрдің мемлекеттік және азаматтық институттарға есеп бермеуінің кесірінен Чехия Еуропа одағының қаржысынан қағылуы мүмкін.
Акцияға келгендер бұған қоса, Андрей Бабиш Еуропа одағынан алынған қаржыны жеке мүддеге пайдалану ісі бойынша жүріп жатқан тергеу амалдарына әсер етуге тырысты деп топшылады.