АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер "Иракта қылмыс жасады" деп айыпталған "Теңіз мысықтары" элита бөлімінің аға сержантының ісі бойынша президент Дональд Трамппен келіспегені үшін әскери теңіз ведомствосының басшысы Ричард Спенсердің сенімнен айырылғанын мәлімдеді.
"Осыдан кейін Спенсер орнынан кетті" деп хабарлайды Пентагон өкілі.
Арнаулы қызмет сарбазы Галлахер Ирактағы "Ислам мемлекеті" террор тобының тұтқынға түскен мүшесін өлтірді деген күдікке ілінген. Галлахер тұтқын денесінің жанында суретке түскен. Арнайы қызметтің бірнеше сарбазы Галлахерге қарсы куәлік еткен, олар Галлахер бейбіт адамдарға оқ атқанын, оған наразы серіктеріне қоқан-лоқы жасағанын айтқан. Оқиға 2017 жылы болған. АҚШ әскри соты Галлахерді ақтағанымен, өлген адамның денесін көрсетіп суретке түскеніне айыпты деп санап, АҚШ қарулы күштерінің абыройына нұқсан келтіретін әрекеті үшін әскери дәрежесі төмендетілген.
Президент Трамп бұл шешімнің күшін жойып, әскери қылмыс жасады деген күдікке ілінген тағы екі адамға рақымшылық жасаған. Осыдан кейін Трамп "Галлахер отставкаға кеткеннен кейін" арнайы қызметкерге тиесілі белгілерді сақтап қалуы тиістігін жазған.
Спенсер президенттің пікірімен келіспеді. Қауіпсіздік мәселесі бойынша Канадада өткен халықаралық форумда 23 қарашада ол твиттердегі хабарламаны "ресми бұйрық" деп санамайтынын айтқан. The Washington Post министр Галлахерді отставкаға атақтарын сақтай отырып жіберу арқылы бейресми түрде Ақ үйді іске араласпауға шақырып отыр деп санайды.
Спенсер отставкаға жіберу туралы өтінішінде бас қолбасшыдан, яғни Трамптан әскери тәртіп жөнінде түсіністік таппағанын, сондықтан әскери ант пен президенттің жарлығын бір мезгілде орындай алмайтынын жазған деп хабарлайды New York Times газеті.
Трамп Спенсерге твиттер арқылы алғыс айтты. Ол сонымен қатар әскери-теңіз ведомствоның жаңа басшысы отставкадағы контр адмирал Кеннет Брейтуэйт болатынын, ал Галлахер барша құрметпен отставкаға кететінін жазды.