Азаттықтың Қырғыз қызметі, OCCRP және Kloop басылымы бірлесіп жасаған зерттеу жарияланғанан кейін Қырғызстанның қаржы полициясы зерттеуде айтылған күдіктілердің шамамен 700 миллион доллардан астам қаржыны Қырғызстаннан әкеткенін хабарлады. Қаржы полициясы әу баста бір миллиард долларға жуық деп айтқан.
Қаржы полициясының төрағасы Бакир Таиров 26 қарашада депутаттарға журналистік зерттеу жарияланғаннан кейін экономикалық қылмыспен күрес мемлекеттік қызметі "Заңсыз қаржыны заңдастыру (жымқыру)" бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
"Бұл қаржы Қытай, Түркия, Литва, Ұлыбритания, Германия және өзге елдердегі есепшотқа аударылған" деді Таиров.
Азаттықтың Қырғыз қызметі Азаттықтың Қырғыз қызметі "Жемқорлықты зерттеу орталығы" (OCCRP) және Kloop.kg сайтымен бірігіп, Қырғызстаннан кемінде 700 миллион доллар қаражаттың қалай шығарылғанын баяндайтын зерттеудің екінші бөлімін жариялады. 10 қарашада Стамбулда Қытайдан шыққан 37 жастағы кәсіпкер этникалық ұйғыр Айеркен Саймаитиді белгісіз біреулер атып кеткен. Ол журналистерге "қаржы махинациясына" мемлекеттік кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовтың қатысы барын айтқан.
Оқи отырыңыз: Жымқыру мен қорғаштау. Ірі жемқорлықты әшкерелеген кәсіпкерді атып өлтірді