Ресейдің Забайкалье өлкесінде автобус Куэнга өзеніндегі көпірден құлап, 19 адам қаза тауып, 18 адам жараланды. Қайтыс болғандардың екеуі - бала. Бұл туралы Ресейдің ІІМ сілтеме жасаған ақпарат агенттіктер хабарлады.
Автобуста 43 жолаушы мен жүргізуші болған.
Алдын ала дерек бойынша, Сретенсктен Читу қаласына бара жатқан автобустың дөңгелегі жарылған.
Оқиға орнына тікұшақпен дәрігерлер аттанғаны хабарланды. Дәрігерлер ауыр жараланғандарды ауруханаға жеткізуі тиіс.
Baza телеграм-каналы аударылған автобустың видеосын жариялады. Baza автобус ішінде адамдар қалғанын, құтқарушылар мұз жарылып, автобус су астына кете ме деп қауіптеніп отырғанын жазды.
Аймақтағы төтенше жағдай қызметі Азаттықтың Сибирь.Реалии жобасына автобустың жеке адамға тиесілі екенін, ол бұл көлікпен туристік қызмет көрсеткенін айтқан.
⚡️Пассажирский автобус Чита-Сретенск слетел с трассы на реку и перевернулся. Сообщают, что внутри находилось 44 человека, включая водителя. Тяжело пострадали семеро.На месте работают пять бригад скорой, а так же пожарные и ГИБДД pic.twitter.com/7fYn1EXaCc
— URA.RU (@ura_ru) December 1, 2019