АҚШ-тың Пенсакола әскери базасында Американың үш сарбазына оқ атқан курсант Сауд Арабиясынан келген деп хабарлады АҚШ-тың ресми орындары. Күдікті әскери-теңіз базасында оқу-жаттығуға қатысқан. Ол оқу залында әріптестеріне шабуыл жасағаннан кейін атып өлтірілді.
Жергілікті полиция шерифі шабуыл кезінде тағы сегіз адамның жараланғанын растады. Күдікті пистолетпен айналасындағыларға оқ атқан.
АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясының королі Салман хабарласып, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтқанын жазды.
"Король Сауд Арабиясының халқы курсанттың жабайы қылығына қатты наразы деді және оның бұл әрекетін Саудия халқы айыптайды" деп жазды Трамп Twitter-де.
Оқиға орнында полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қаза тапқандардың аты-жөндері туыстарына хабар бергенге дейін айтылмайды.
Әскери-теңіз авиабазасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Пенсакола базасында шамамен 16 мың сарбаз, 7400 жалдамалы бар.
4 желтоқсанда америкалық теңізші Перл-Харбор әскери-теңіз базасында бірнеше адамға оқ атқан.