Мемлекеттік банк басшысы Навальный қорының зерттеуіне байланысты түсініктеме берді

ВТБ басшысы Андрей Костин.

Ресейдегі мемлекеттік ВТБ банкінің басшысы Андрей Костин оппозициялық саясаткер Алексей Навальный басқаратын Жемқорлықпен күрес қорының зерттеуінде айтылған дерекке байланысты түсініктеме берді. Зерттеуде Андрей Костиннің "Россия 1" телеарнасының жүргізушісі Наиля Аскер-задемен жеке қатынасы бары айтылған. Қор дерегінше, Костиннің "арқасында" жүргізуші қымбат үйлерде тұрып, 62 миллион долларлық яхта және жеке ұшақты пайдаланады.

Костин әуелі "қандай да бір шара қолданамын" деп айтып алып, ізінше "Навальныйдың жұмысы - жала жабу, топырақ шашу және сол арқылы ақша табу" деп оған "бұл мақсатқа жетуіне көмектескісі келмейтінін" айтты. "Бұған байланысты енді түсініктеме бермеймін" деді.

Костиннің Аскер-задемен байланысы туралы Жемқорлықпен күрес бюросының зерттеуі 2 желтоқсанда жарық көрген. Қазірге дейін Алексей Навальныйдың Youtube-арнасындағы видеоны 5,5 миллионнан астам адам көрген.