АҚШ конгресінің өкілдер палатасы президент Дональд Трамптың Иранға қатысты әскери операциялар жүргізу мүмкіндігін шектейтін резолюцияны мақұлдады. Оған 224 конгресмен қолдап дауыс берді. 194 конгресмен қарсы болды.
Енді құжат сенатқа жөнелтіледі. Мұнда 100 мандаттың 53-іне республикашылдар ие. Алайда олардың екеуі - сенатор Рэнд Пол және Майк Ли резолюцияны қолдайтынын айтқан.
3 қаңтарға қараған түні Бағдат әуежайында ирандық генерал Касем Сүлеймани өлтірілгеннен кейін өкілдер палатасы осындай резолюцияны қараған.
Өкілдер палатасының спикері демократ Нэнси Пелоси Касем Сүлейманидің көзін жою операциясы америкалықтардың қауіпсіздігіне оң әсер етпегенін айтты. Ол Ақ үйді конгреспен ақылдаспай, шабуыл туралы шешім қабылдады деп айыптады. Әдетте қорғаныс саласында маңызды шешімдер қабылдамас бұрын президент конгресс жетекшілерін хабардар етеді.
Оқи отырыңыз: АҚШ-Иран арасындағы жағдай енді қалай өрбиді?
Резолюцияға дауыс беру қарсаңында Трамп Twitter-де бұған байланысты пікірін айтып, өкілдер палатасындағы республикашылдардың барлығы резолюцияға қарсы дауыс беретін шығар деп үміттенген.
Қарай отырыңыз: АҚШ-Иран жанжалы Каспий аймағына әсер ете ме? (8 қаңтар 2020 жыл).
Your browser doesn’t support HTML5