Ресей халық санының қысқару үрдісін тоқтату үшін қосымша 4,13 триллион рубль (67 млрд доллар) қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Қаржы министрі Антон Силуанов 29 қаңтарда бұл қаржының 91 пайызы - федералдық бюджеттен, қалғаны аймақтық бюджеттен бөлінетінін айтты.
"Осынша көлемдегі қаржы азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдауға жұмсалады. Бұл шешім бюджет пен макроэкономикалық тұрақтылыққа әсер етпейді" деді Антон Силуанов.
Ол бюджетке қажетті түзету енгізу туралы ұсыныстарды үкіметке 11 ақпанға дейін жіберетінін айтты. Жаңадан бөлінетін қаржы президент Владимир Путиннің 2018 жылы демография және инфрақұрылым сияқты салаларды дамытуды көздейтін "ұлттық жобаларға" бөлінетін 25,7 триллион рубльге қосылмақ. Путин 2018 жылы келесі мерзімге қайта сайланған кезде халықты әлеуметтік қамсыздандыруға көп көңіл бөлетінін айтқан. 19 желтоқсанда өткізген баспасөз жиынында Ресей 1990 жылдан бері демогрфиялық қысқаруға ұшырап жатыр деп мойындаған.
Росстат дерегінше, Ресей халқы 2019 жылы да азайып, мұнда қатарынан екінші жыл демографиялық өсім байқалмаған. 2019 жылы Ресей халқы - 35 600 адамға, 2018 жылы 99 700 адамға азайған. Соңғы дерек бойынша Ресейде 146 745 098 адам тұрады.