Бүгін, 16 наурызда Қазақстанның кейбір ақша айырбастау орындарында 1 доллар 440 теңгеден сатыла бастады. Kurs.kz сайтындағы ақпараттарға қарағанда, валюта айырбастау орындарының кейбірі доллар сатып алғанымен, сатуды тоқтатқаны байқалған.
Теңге 16 наурызда Қазақстан Ұлттық банкінің "ішкі нарықты жаңа макроэкономикалық жағдайларға бейімдеу туралы" ресми мәлімдеме жасаған.
Ұлттық банк таратқан мәлімдемеде "қазіргі жағдайды ескере отырып, бүгіннен бастап Ұлттық банк еркін бағам белгілеу және инфляциялық таргеттеу саясатына сәйкес тепе-тең бағамның қалыптасуына ықпал етуге ниеттеніп отыр" деп жазылған.
Tengenomika телеграм-арнасының авторы, экономист Олжас Төлеуовтің жазуынша, бұл – Ұлттық банк бұдан былай қаржы нарығына араласуды доғарып, белгілі бір шамада теңгенің құнсыздануына кедергі жасаудан бас тартты деген сөз. "Орталық банк теңгенің шынайы курсын нарықтың өзіне анықтауға мүмкіндік беріп жатыр" деп жазады экономист.