Өзбекстанның алты азаматынан коронавирус жұқпалы ауруы табылған. Өзбекстанда коронавируспен ауырған алғашқы әйелдің күйеуі мен немерелеріне де коронавирус жұққаны белгілі болған. Бұл ақпаратты Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
11 наурызда коронавируспен ауырған әйелмен бірге Парижден ұшып келгендердің барлығы және онымен қатынасы болған туыстары карантинге жатқызылған. Сол күні әуежайда жұмыс істеген қызметкерлер де бақылауға алынған деп хабарлайды Fergana news.
Бұған дейін Стамбулдан Өзбекстанға ұшып келген жолаушы Өзбекстанда коронавирус жұққан төртінші адам деп хабарланған.
Соңғы деректерге қарағнда әлемде 150 мыңнан астам адамға коронавирус жұғып, 6 мыңға жуық адам қайтыс болған. Еуропаның көптеген елдері өзге мемлекеттермен қарым-қатынасты барынша шектеген.