Қазақстан қор биржасының (KASE) дүйсенбі түстегі саудасында доллардың орташа бағамы 434,38 теңге болды. Бұл өткен жұмадағы қорытынды саудадан 28,76 пайыз артық. Сауда ауқымы 74,9 миллион долларға жетті.
Биржа «бұрынғы сауда күніндегі келісімдерден бағаның ауытқуына байланысты 1,5 пайызға франкфурт аукционы қолданылды» деп хабарлайды.
Франкфурт аукционы бағаны аукционды кесу арқылы анықтауға мүмкіндік береді, сол арқылы мүмкіндігінше жоғары келісім жасалады.
Қазақстан ұлттық банкінің «еркін бағам айналымына» көшу туралы бүгінгі мәлімдемесінен кейін айырбас пункттеріндегі доллар бағамы 440 теңгеге дейін жеткен, KASE доллар бағамын белгілемеген. Осыдан соң көптеген айырбас пункттері валюта сатуды тоқтатқаны хабарланған.
Биржаның күндіз жарияланған хабарларында доллар саудасы күнделікті режимде жүріп жатқаны айтылған. Kurs.kz сайтында жарияланған ақпараттар бір доллардың 437,5 теңгеден сатылып жатқанын көрсетті.