Қазақстан сыртқы істер министрлігінің дерегінше, Венгрияда бір қазақстандық коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті.
“16 наурызда Қазақстанның Венгриядағы елшілігіне Қазақстанның бір азаматы коронавирус күдігімен Будапештегі ауруханаға жатқызылғаны хабар түсті. Анализ қорытындысынан коронавирус табылды. Қазір жағдайы қалыпты, ауруханада емделіп жатыр. Елшілік бұл жағдайды бақылауға алды” деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Венгрия үкіметінің дерегінше, бұл елде 50 адамға вирус жұққан. Елде шетелдіктерге кіруге тыйым салынды.
СІМ осыған дейін Германияда да бір қазақстандық коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген. Ал Қазақстанның өзінде 27 адамнан вирус табылған.
Оқи отырыңыз: Коронавирус. Қазақстандағы жағдай