17 наурыз кешкісін Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеді. Бір күнде Қазақстанда 23 адамға вирус жұғып, дертке шалдыққандар саны 33-ке жетті, 15 адам – Алматыда, 18 адам – Нұр-Сұлтан қаласында.
Қазақстан үкіметі 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында карантин жариялайтынын мәлімдеді. Карантин кезінде бұл екі қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылады.
Оқи отырыңыз: Коронавирус жайлы барлық ақпарат
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірге дейін елде төтенше жағдай жариялаған.
Әлемде Covid-19 коронавирусы 188 мыңнан астам адамға жұқты. Қаза болғандар саны 7 мыңнан асты. Вирус 150-дан астам елге тарады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде адамдар мен созылмалы ауруы бар адамдарға ауыр салдары бар.
Көре отырыңыз: Коронавирус симптомдары