18 наурызда кешке қарай денсаулық сақтау министрлігі Алматыда коронавирус жұққан тағы бір адам анықталғанын хабарлады. Министрлік әзірге науқас туралы толық ақпарат бермеді.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 36-ға жетті. Олардың 18-і - Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр. Олардың арасында екі бала бар.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сәрсенбі күні түстен кейін 17 науқастың жағдайы - орташа деп мәлімдеді. Олардың басым бөлігі Еуропа елдерінен ұшып келген.
19 наурыз түнгі сағат 00.00-ден бастап коронавирусқа байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин енгізіледі. Қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылады. 22 наурызда екі қалаға қатынайтын пойыздар мен ішкі рейстер толық тоқтайды.
Коронавирус туралы соңғы ақпаратты мына сілтеме арқылы оқып, біле аласыздар.
Видео: Депутаттар коронавирустан қалай сақтанып жүр?
Your browser doesn’t support HTML5