19 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстанда қазір 860 адам ауруханада карантинде жатыр. 2611 адам үй карантинінде (барлығы 3471 адам). Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қазақстанда қазірге дейін 44 адамнан (Алматыда 19, Нұр-Сұлтанда 25 науқас) вирус табылған. Олардың арасында екі бала бар.
Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Сауда және ойын-сауық орталықтары, тамақтан басқа зат сататын дүкендер мен сауда орындарының жұмысы тоқтатылды. Карантин режимі кезінде қоғамдық тамақтандыру орындары мен мейрамханалар тұтынушыға ас-суды үйіне жеткізіп береді. 22 наурыздан бастап Алматы қаласында темір жол және әуе қатынасын толық тоқтату жоспарланған.
Қарай отырыңыз: Қазақстандағы жағдай. Онлайн статистика
Өткен жылдың соңында Қытайда алғаш рет тіркелгелі бері әлемде коронавирус 217 мыңнан астам адамға жұқты. Содан бері 8,8 мың адам қаза болып, 80 мыңнан астам науқас дерттен айықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын "пандемия" деп жариялаған.
Коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратты мына сілтеме арқылы оқып біле аласыздар.