20 наурызда Алматы уақыты бойынша таңертеңгі сағат 6.49-да қалада жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы хабарлады.
Дүмпудің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай шамамен 140 шақырым қашықта - Қырғызстан аумағында жердің 10 километр терең қабатында болған. Энергетикалық класы – 10,9, ал магнитудасы 5,1.
Жерасты дүмпуі Алматыда 2 балл болып сезілген.