Алматы облысында бір адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігі 21 наурызда түсте Алматы облысында коронавирус жұққан бір адам анықталғанын хабарлады. 1986 жылғы ер адам 17 наурызда Стамбул - Бішкек рейсімен Қырғызстанға ұшып барған. Ертесінде көлікпен Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласына келген. Қазіргі кезде ол стационарлық карантинге жатқызылған. Жағдайы орташа.

Министрлік бастапқыда Талдықорғанда коронавирус табылды деп хабарлап, кейінірек "Алматы облысы" деп өзгертті.

Осылайша Қазақстанда науқастардың саны 53-ке жетті. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 28 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында 1 адам емделіп жатыр.

Коронавирус туралы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

Қарай отырыңыз: Алматы карантинге жабылған соң көмекке зәру адам көбейді

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы карантинге жабылған соң көмекке зәру адам көбейді