Алматыда "блокбекеттерді айналып өтпек болған" таксистер ұсталды

Алматы шетінде маска киген әскери жол бойына темір қоршау қойып жатыр. Алматы, 19 наурыз 2020 жыл.

Алматыда "блокбекеттерді айналып өтіп, жолаушы тасуға тырысқан" бес ер адам ұсталды деп хабарлады Polisia.kz.

"Олар сол үшін адам басына үш мыңнан бес мың теңгеге дейін ақша сұраған. Олар Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша ("Төтенше жағдай режимін бұзу") жауапкершілікке тартылды. Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты айыппұл салды" деді Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасының жетекшісі Дидар Аханов.

19 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланған. Қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. Қалада ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес тауар сататын сауда нысандары, саябақтар, балабақша жабылды. 22 наурыздан бастап қалаға қатынайтын жолаушылар пойызы мен ұшақтар тоқтады.

Видео: Алматы карантинге жабылған соң көмекке зәру адам көбейді (19 наурыз 2020 жыл).

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы карантинге жабылған соң көмекке зәру адам көбейді