Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус 23 наурыздаа Женевадағы брифингте коронавирус пандемиясы өршіп бара жатқанын айтты.
“67 күнде вирус жүз мың адамға жұқты. Ал келесі жүз мың адамға вирус 11 күнде жұқты. Кейінгі төрт күнде вирус табылғандар саны үш жүз мыңға жетті” деді ол.
ДДСҰ директоры “пандемияның траекториясын өзгерте аламыз” деп үміттенеді.
Тедрос Адханом Гебрейесус G20 елдерін бірігіп, пандемиямен күресуге шақырды.
- 23 наурызда әлемде коронавирус жұқтырғандар 350 мыңға жетіп, 15 мыңдай адам көз жұмды.
- Италияда кейінгі 24 сағатта тағы 4790 адамнан вирус табылып, 602 адам бақилық болды. Қазір бұл елде 63928 адам дертке шалдығып, 6078 адам қаза тапты.
- Испанияда бір күнде 2026 адам дертке шалдығып, 434 адам қаза тапты. Қазір бұл ел адам вирустан 2026 адам өлімі қайтыс болды. Испания адам өлімі бойынша Иранды (1812 адам) озып, Италия (6078) мен Қытайдан (3270) кейінгі үшінші орынға шықты.
- АҚШ-та вирус жұқтырғандар қырық мыңға жетті. 480-нен астам адам опат болды. Қазір бұл ел вирус жұқтырғандар саны бойынша Қытай мен Италиядан кейінгі үшінші орында.
23 наурыздағы дерекке сай, Қазақстанда барлығы 62 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Нұр-Сұлтанда - 32 адам, Алматы қаласында - 26 адам, Қарағанды қаласында - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам коронавирус жұқтырды. Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге көшті.
Коронавирус бойынша Қазақстандағы және әлемдегі жағдай жайлы мына сілтемеден оқи аласыз.