СҚО мен Жамбыл облысында да коронавирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 24 наурыз күні сағат 23.30-да Солтүстік Қазақстан облысында бір адамнан, Жамбыл облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Қазіргі мәлімет бойынша, Қазақстанда 72 адам коронавирус жұқтырған. Қазір Алматыда 29 адам, Нұр-Сұлтанда 36 адам, Қарағандыда 2 адам, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам, Жамбыл облысында бір адамнан вирус табылды.

Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы

Бұдан бөлек, Қазақстанның Германиядағы және Венгриядағы екі азаматынан вирус табылған. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Қазақстанның Германиядағы азаматы сауығып, ауруханадан шыққан.