Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі сағат 16:20-да Нұр-Сұлтан мен Алматыда жалпы саны 12 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
26 наурызда таңертең және түсте министрлік аталған екі қалада жалпы саны 16 адамнан вирус табылғанын айтқан еді. Бұл 13 наурыздан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 109 адам коронавирус жұқтырған.
- Алматыда - 40 адам,
- Нұр-Сұлтанда - 61 адам,
- Қарағандыда - екі адам,
- Шымкентте - екі адам,
- Алматы облысында - бір адам,
- Ақтөбе облысында - бір адам,
- Жамбыл облысында - бір адам,
- Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам
Бұған дейін билік өкілдері Алматы мен Нұр-Сұлтанда екі адамның жазылып шыққанын хабарлаған.