Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 5 сәуір таңертеңгі сағат 9.15-те тағы 20 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Жамбыл облысында - 17, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Түркістан облысында - 2 адамға вирус жұққаны анықталған.
Қазақстанда науқастардың жалпы саны 551 адам болды:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 219
- Алматы қаласы – 110
- Қызылорда облысы – 30
- Қарағанды облысы – 27
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25
- Түркістан облысы – 26
- Атырау облысы – 22
- Ақмола облысы – 20
- Шымкент қаласы – 13
- Жамбыл облысы – 28
- Ақтөбе облысы – 10
- Алматы облысы – 10
- Шығыс Қазақстан облысы – 5
- Маңғыстау облысы – 3
- Батыс Қазақстан облысы – 2
- Қостанай облысы – 1
- Павлодар облысы – 1
Коронавирустан 36 адам айыққан. Бес адам қайтыс болған. Елдің басым бөлігінде шектеу шаралары енгізілген.