Қашықтан жұмыс: пайдасы мен зияны қандай?
Коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкендер көбейді. Қашықтан жұмысты қолайсыз санайтындар да, болашақта қашықтан жұмыс істеуге көшу керек дейтіндер де бар. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Коронавирусқа қарсы ас беріп, адыраспанмен аластау
Коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғанымен, ауыл тұрғындары қауіпті енді ғана сезіне бастағанға ұқсайды. Бейғам жұрт облыс аумағында коронавирус жұқтырған адам табылған соң ғана сақтық жасай бастаған. Адыраспан түтетіп, коронавирусқа қарсы ас беріп жатқандар да бар.
Евгений Жовтис: "Биліктің бейбіт жиын туралы заң жобасы төзімімді тауысты"
Қазақстандағы адам құқығы бойынша халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис бейбіт жиындар туралы заң жобасын дайындайтын парламенттегі жұмыс тобынан шығып кетті. Ол министрлік дайындаған заң жобасы демократия қағидаларына қайшы деп санайды.
Төтенше жағдайда жұмыссыз қалғандар ипотекасын қалай төлейді?
Коронавируске байланысты төтенше жағдай жарияланған соң ипотекалық кредитімді қалай төлеймін деп уайымдайтындар көбейді. Үкімет уақытылы төлей алмағандарға «айыппұл салмаймыз» деп уәде берген.
Түрмеде отырғандарды коронавирусқа байланысты босату керек пе?
Адвокат коронавирусқа байланысты Қазақстан түрмелерінде қамауда отырғандардың кейбір санатын босату керек деп санайды. Қамаудан шыққан белсенділердің сөзінше түрмеде коронавирус таралуы қаупі күшті. Қылмыстық атқару жүйесі түрмеде коронавирусқа қарсы шара толық жасалды дейді.
Азаттық көрсеткен мүгедек ерлі-зайыптыға жұрт үй алып берді
Азаттық туғанынан естіп, сөйлей алмайтын қызылордалық ерлі-зайыпты Асхат Ахметов пен Гүлшара Исмағұлованың қалай күн кешіп жүргенін көрсеткен. Төрт балалы шаңыраққа жұрт бір тәулікте 10 миллион теңгеден аса қаржы жинап берді. Жылдар бойы ескі үйді жалдап келген екеу қазір жаңа қоныстарына көшуге дайындалып жүр.
Your browser doesn’t support HTML5
"Нұр-Cұлтан" атауын мойындамайтын басылымдар мен белсенділер бар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді отыз жылдай билеген Нұрсұлтан Назарбаев қолынан Қазақстан президенті лауазымын ала сала ел астанасына экс-президенттің атын бергеніне таяуда бір жыл толды. Бірақ кейбір басылымдар мен белсенділер астананы әлі күнге дейін "Нұр-Cұлтан" деп атамайды.