Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Сабыржан Абдикаримов 6 сәуірде тағы екі адамның коронавирустан көз жұмғанын хабарлады. Барлығы төрт адам вирустан қайтыс болған.
Қырғызстанда науқастардың жалпы саны 216 адамға жетті:
- Бішкек қаласы - 25
- Ош қаласы - 14
- Ош облысы - 80
- Баткен облысы - 4
- Жалалабад облысы - 80
- Шу облысы - 5
- Ыстықкөл облысы - 3
- Нарын облысы - 5
Талас облысында коронавирус тіркелмеген.