Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 7 сәуір түскі сағат 14:10-да 15 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Шымкентте – 1, Қарағанды облысында – 7, Жамбыл облысында – 5, Қостанай облысында – 2 адамға вирус жұққаны анықталған.
Жалпы науқастар саны 685 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 222
- Алматы қаласы – 119
- Шымкент қаласы – 20
- Ақмола облысы – 42
- Ақтөбе облысы – 11
- Алматы облысы – 10
- Атырау облысы – 32
- Шығыс Қазақстан облысы – 6
- Жамбыл облысы – 45
- Батыс Қазақстан облысы – 2
- Қарағанды облысы – 55
- Қостанай облысы – 3
- Қызылорда облысы – 54
- Маңғыстау облысы – 5
- Павлодар облысы – 1
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25
- Түркістан облысы – 33.
47 науқас (Нұр-Сұлтанда - 24, Алматыда - 21, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1) айыққан. Алты адам көз жұмған.