Сәуірдің 13-інен бастап «Автоваз», ГАЗ, Ульяновск автомобиль зауыты және BMW, KIA, Hyundai құрастыратын Калининградтың «Автотор» холдингі «Ресейде жұмыс істемейтін кезең ұзарғанына қарамастан» конвейерлерін жалғастыратын болады. ТАСС-тың хабарлауынша, коронавируспен күрес шарасын қатаңдатып, өндірісті қайтадан іске қосуға биліктен рұқсат алған.
Путиннің коронавирусқа байланысты жарлығы бойынша 30 наурыздан бастап Ресейде автомобиль өндірісі де тоқтаған. Жұмыс істемейтін уақыттың 30 сәуірге дейін созылуына байланысты кейбір автозауыттар жергілікті биліктен өндірісті қайта қосуға рұқсат сұраған.
Набережные челны қаласындағы «Камаз» конвейері Татарстан мен федералды орган басшыларының келісімімен 6 сәуірден бастап жұмысын жалғастырған. Зауыт дирекциясы өндіріс бір апта тоқтағанда кәсіпорын 2 миллиард рубль шығынға ұшырады деп мәлімдеген.
6 сәуірде Mazda Sollers автомобилін шығаратын Владивосток зауыты, Ярославск мотор зауыты мен өзге де бірнеше кәсіпорындар өндірісті қайтадан іске қосқан.