Қазақстанда бір сәтте 112 адамнан вирус табылды. Науқастар саны мыңнан асты

Алматы шетіндегі блокпост. 2020 жылдың наурызы.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 13 сәуір 23.40-та елде 112 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Олардың басым бөлігі Алматы қаласында – 99 адам. Қалғандары: Қарағанды облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 1 адам, Атырау облысында - 3 адам.

13 сәуірде Қазақстанда 140 адамнан вирус анықталды. Бұрын елде бір күнде мұнша адамнан вирус табылмаған. Осылайша, Қазақстанда вирус жұқтырғандар мыңнан асты - 1091.

138 адам дерттен айықты. 12 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандар саны бойынша Алматы алдыңғы қатарға шықты.

  • Алматы қаласы – 271
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 260
  • Қызылорда облысы – 119
  • Шымкент қаласы – 38
  • Ақмола облысы – 73
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 22
  • Атырау облысы – 62
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Жамбыл облысы – 46
  • Батыс Қазақстан облысы – 11
  • Қарағанды облысы – 77
  • Қостанай облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 10
  • Павлодар облысы – 10
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 26
  • Түркістан облысы – 44.