Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 14 сәуір 23.20-дағы мәліметіне сай, елде тағы 33 адамнан коронавирус табылды. Олардың басым бөлігі - Нұр-Сұлтан (14 адам), Алматы, (8 адам) және Атырауда (6 адам). Қалғандары Қызылорда облысы (2 адам), БҚО, Павлодар облысы, Ақтөбе облысында (бір-бір адам).
14 сәуірде елде 141 адамнан вирус табылды. Бұған дейін Қазақстанда бір күнде мұнша адамнан вирус анықталмаған.
Қазақстанда қазір 1232 адамнан коронавирус анықталды. 203 адам дерттен айықты. 14 адам қайтыс болды. Алматыда кейінгі екі екі күнде 180-нен астам медқызметкерге вирус жұқты. Қаладағы ең ірі клиникалық аурухана вирус ошағына айналып, қазір бұл жайт бойынша эпидемиологиялық тергеу басталды.
Елде коронавирус тарауына байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған.