Қырғызстанда коронавирус инфекциясы жұққан дәрігерлер 134 адамға жетті.
19 сәуір күнгі брифинг кезінде Қырғызстанның денсаулық сақтау вице-министрі Нурболот Усенбаев жаңа анықталған 18 науқастың барлығы медицина қызметкері екенін хабарлады. Төртеуі - Бішкектен. Қалғаны Нарын, Жалалабад, Ош, Баткен облыстары мен Ош қаласынан.
Соңғы мәліметке сәйкес, Қырғызстанда 554 адамнан коронавирус табылған. 133 науқас жазылған. Бес адам қайтыс болған.
Вирус жұқтырғандар мына қала мен облыстардан:
- Бішкек – 111;
- Ош қаласы – 83;
- Ош облысы – 147;
- Баткен облысы – 6;
- Жалалабад облысы – 102;
- Шу облысы – 30;
- Ыстыккөл облысы – 8;
- Нарын облысы – 67;
- Талас облысы - 0.