Ресей оппозициясы коронавирус кезінде онлайн-митинг өткізбекші

Ресей оппозициясы 28 сәуірде ютубта "Өмір үшін" деп аталатын онлайн-митинг өткізетінін жариялады. Митингінің басты талабы - коронавирус пандемиясы кезінде мемлекеттен халыққа қаржылай қолдау көрсетуді, шағын және орта бизнесті салықтан босатуды және Ресей конституциясын өзгертпеуді талап ету.

Саясаткерлер Дмитрий Гудков, Лев Шлосберг, Максим Резник, Юлия Галямина, Констанстин Янкаускас, журналистер Андрей Пивоваров пен Илья Азар, экономист Сергей Гуриев, адвокат Мария Эйсмонт онлайн-митингке қатысатынын хабарлады.

Шараны ұйымдастырушылардың бірі, "Открытая Россия" қозғалысының баспасөз хатшысы Константин Фомин онлайн-митингінің форматы көшедегі митингінің форматына ұқсас болатынын, плакат ұстаған қатысушылар спикерлер қасына шығарылатынын айтады.

Журналист Илья Азар "қазір азаматтық ұстанымды ашық білдірудің жалғыз жолы онлайн-митинг болып қалды" деп санайды, оның ойынша митингіге қатысатындар көшедегі акцияларға қатысатындардан кем болмауы керек, билік сонда ғана байқайтын болады".