Өзбекстан коронавирусқа байланысты енгізілген карантин шараларын 10 мамырға дейін ұзартты. Бастапқы мерзімі 20 сәуірде аяқталуы тиіс еді.
Өзбекстан әділет министрлігінің мәлімдемесінде 20 сәуірден бастап көшпелі сауда нүктелері арқылы азық-түлікке жатпайтын тауар сатуға рұқсат берілетіні айтылған. Наурыздың 24-інен бастап Ташкент пен оның айналасындағы аудандарда азық-түлік дүкендерінен басқа дүкендердің барлығы жабылған.
Министрлік мәлімдемесіне қарағанда, коронавирусқа байланысты Өзбекстан аумағынан кетіп үлгермеген шетел азаматтарының визасы 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзарады.
Ресми мәлімет бойынша, коронавирус жұқтырғандар Өзбекстанда 1565 адамға жеткен, бес адам қайтыс болған.